Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ресей Сауд Арабиясын ойсырата жеңіп кетті

Опубликовано:

Биылғы жылға әлемнің басты ойынында алғашқы жарыс Ресейдің пайдасына шешілді. Алаң иелері Сауда Арабиясын 5:0 есебімен ұтты деп жазады NUR.KZ.

Фото: twitter.com/fifaworldcup
Фото: twitter.com/fifaworldcup: UGC

Әлем чемпионатындағы алғашқы голды ойынның 12-ші минутында Ресей құрамасының жартылай қорғаушысы Юрий Газинский салды.

Екінші рет қақпаға допты сол аяғымен дәл тигізген ресейлік Денис Чарышев болды.

Сонымен, алғашқы тайм 2:0 есебімен жабылған болатын

Ал екінші таймда Ресей құрамасы атынан ең сәтті үш голды Артем Дзюба, Денис Черышев пен Александр Головин соқты.

Есеп 5:0.

Тікелей трансляциядан скриншот
Тікелей трансляциядан скриншот: UGC

Әлем жұрты бақылап отырған ойын Мәскеудің "Лужники" стадионында өтіп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1737276-resej-saud-arabiasyn-ojsyrata-zeip-ketti/

pixel