Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жүйткіген көліктің артқы есігінен домалап түскен балақай елдің үрейін ұшырды (видео)

Опубликовано:

Жүйткіген көліктің артқы есігінен кішкентай балақай жол бойына құлап түскен, Мұны артта келе жатқан көліітің камерасы түсіріп алыпты. Балаларының құлағанына да мән бермеген алаңғасар ата-ана көпшіліктің ашуын туғызды деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: OInsulte
Фото: OInsulte: UGC

Оқиғаның қай елде болғаны әзірге белгісіз.

Жол бойына көліктен домалап түскен нәрсені бастапқыда зат немесе қуыршақ деп ойлап қалғандар, белгісіз жандардың көмектескен сәтінде кішкентай балақай екенін біліп, шошып кеткен.

"Баласының құлағанын аңғармайтын қандай ата-ана?", "Масқара. Алла сақтасын!", "Балақай аман болсын", "Баланы есіктің жанына тұрғызуға болады ма?", "Мына кісілер болмаса, қайтер еді?", "Жүрегім-ай, көріп отырып жаным шықты-ау".

"Өз баласына жауапкершілікпен қарау деген бар емес пе?", "Қай ел болса да, сәбилер аман болсын", "Айдың-күннің аманында балаға қарамай не бітіріп отыр?" деген оқырмандар ашуға ерік берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1737306-zjtkigen-klikti-artky-esiginen-domalap-tsken-balakaj-eldi-rejin-syrdy-video/

pixel