RU
Ауа райы: Бүгін еліміздің басым бөлігінде жел күшейіп, тұман болады
Жаңалықтар Қоғам

Ауа райы: Бүгін еліміздің басым бөлігінде жел күшейіп, тұман болады

Рассказать Вконтакте

"Қазгидромет" синоптиктері 15 маусымға арналған ауа райы болжамын назарға ұсынды деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Жел. Көрнекі фото: novosti.az

Жел. Көрнекі фото: novosti.az
Source: UGC

Елімізде тұрақсыз ауа райы сақталады, тек батыс, оңтүстік, шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Қазақстанның кей жерлерінде жаңбыр жауады, найзағай болады, жел күшейеді, дауыл, бұршақ болуы мүмкін.

Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, күндіз Ақмола облыстарының кей жерлерінде желдің күшеюі 15-20 м/с дейін жетіп, дауыл күтіледі, бұршақ болуы мүмкін.

Алматы облысының кей жерлерінде бұршақ жаууы мүмкін, түнде желдің күші 18-23 м/с дейін жетеді.

Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қостанай, күндіз Қызылорда, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде желдің күшеюі 15-20 м/с дейін жетіп, түнде Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Манғыстау облысының басым бөлігінде, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Атырау, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі күтіледі.

Жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel