RU
Көліктен алты метрге ұшып кеткен жүргізуші дін аман қалған (видео)
Жаңалықтар Әлемде

Көліктен алты метрге ұшып кеткен жүргізуші дін аман қалған (видео)

Рассказать Вконтакте

Америкадағы Флорида штатының Орландо қаласында жантүршігерлік жол-көлік апаты болды. Оқиға көшенің бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Үлкен жылдамдықпен келе жатқан көліктің соғылуы нәтижесінде жүргізуші алты метрге ұшып кетті деп хабарлайды life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: youtube

Фото: youtube

Орландода аса үлкен жылдамдықпен келе жатқан көлік қоршауға қатты соғылып, ішіндегі жүргізуші сыртқа бір-ақ құлап түсті. Алты метрге ұшып кеткен ол тірі қалған.

Флорида штатының полиция басқармасының айтуынша, 25 жастағы Стивен Дос Сантос көлік айдап келе жатып ұйықтап кеткен. Апаттың болу себебі де осы.

Көлік ішінде жүргізушіден басқа үш жолаушы болған. Олардың ешқайсы ауыр жарақат алмағандықтан, Дос Сантос жай ескерту алып құтылды.

Жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
1
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel