RU
Бүгін барша мұсылман қауым Ораза айт мерекесін тойлауда
Жаңалықтар Қоғам

Бүгін барша мұсылман қауым Ораза айт мерекесін тойлауда

Рассказать Вконтакте

Рамазан айы үлкен мерекемен аяқталады. Бүгін, 15 маусым күні барша мұсылман қауым Ораза айт мерекесін тойлауда деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Намаз. Көрнекі фото: kp.kz

Намаз. Көрнекі фото: kp.kz

Бұл күні барлық мұсылмандар мерекелік намаз – Айт намазын жамағатпен оқу үшін мешітке ағылады деп жазады kazislam.kz.

Намаздан соң мерекелік құтпаға қатысу – сүннет болып табылады.

Айт намазынан соң барлық мұсылмандар бір- біріне “Айт құтты болсын!” деп құттықтап, жылы тілектер айтысады.

Айт намазы адамдар арасындағы қарым- қатынасты, махаббатты, бауырмашылықты жаңартушы әрі нығайтушы болып табылады.

Айт мерекесі күні Рамазан күндеріндегідей сәресі ішудің қажеті жоқ деп жазады azan.kz. Тек таң намазына тұрасыздар. Дегенмен, айт намазына келер алдында, тақ санды құрма жеп шығу сүннет болып табылады.

Егер кімде кім сәресі ішкен болса, я болмаса айт намазы алдында тамақтанған болса, бұған да тиым салынбаған.

Сонымен қатар, осы күні ғұсыл алып, мерекелік намазға мерекелік киімде келуді және әтір себінуді ұмытпаңыздар. Туыстарыңызды зиярат етіп, сыйлықтар жасап, айналаңызға қуаныш сыйлаңыздар.

Ораза айт мерекесі бір күн. Осыдан соң Рамазан айындағы қаза болған күндеріңізді өтеп, Шәууәл айындағы ерікті болып табылатын алты күндік оразаны ұстауларыңызға болады. Алты күндік оразаны қатарынан ұстау міндетті емес. Бұл алты күнді ай арасында ұстауға да болады.

Жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
7
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір