RU
Ақтөбеде менингитке шалдыққан сәби жансақтау бөлімінде жатыр
Жаңалықтар Қоғам

Ақтөбеде менингитке шалдыққан сәби жансақтау бөлімінде жатыр

Рассказать Вконтакте

Қазақстан халқын дүрліктіріп, бірнеше адамның өмірін жалғмаған менингококк инфекциясы батыс өңіріне жеткен. Ақтөбеде тоғыз айлық бала осы дерттің кесірінен жансақтау бөліміне түсті. Бұл туралы КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы хабарлайды.

Фото: beztabu.net

Фото: beztabu.net
Source: UGC

Дәрігерлер баланың беті бері қарап келе жатқанын айтады. Бірақ құлан таза айығып кетуіне қатысты сөз қозғауға әлі ерте дейді. Сәбидің көзі жасаурап, ыстығы көтерілгенде ата-анасы суық тиді ме деп ойлаған.

Перзентінің тынысы тарылып, халі әбден нашарлаған кезде ғана жедел жәрдем шақырып, жұқпалы аурулар ауруханасына апарыпты. Мұндағылар сынама алып, дертті қоздыруға менингококк себепші болғанын үш күн дегенде анықтады.

"Тоғыз айлық бала. Симптомдары ОРВИ ретінде әуелі түскен. Сосын барып менингококты инфекция ықтималдығы қойған. Қарым-қатынаста болған адамдар барлығы тексерілді. Тексеріс нәтижесі бәрі теріс", - дейді Ақтөбе облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Нұрсұлу Беркімбаева.

Еске салсақ, осыған дейін менингококк инфекциясынан көз жұму оқиғалары мен қауіпті дерттен сақтанудың жолдарын жариялаған болатынбыз.

Сіздің реакцияңыз
1
0
1
5
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel