Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тыр жалаңаш күйде суға сүңгіген екі жарым мың әйел рекорд орнатты (фото)

Опубликовано:

Ирландияда өткен Strip an Dip атты ауқымды іс-шараның қатысушылары 12 градустық теңіз суына шомылды. Жобаның басты мақсаты қатерлі ісікке шалдыққан балалар еміне қаражат жинау болған деп хабарлайды news.liga.net сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: news.liga.net
Фото: news.liga.net: UGC

Әр түрлі жастағы екі жарым мыңнан астам әйел қайырымдылық шарасы аясында теңіз суына шомылып, әлемдік рекордты жаңартқан.

Уиклоу графтігіндегі теңізге жалаңаш түскен әйелдер қатерлі ісікке шалдыққан балалардың еміне ақша жинау үшін келді.

2505 жалаңаш келіншек 12 градустық теңіз суына шомылып Гиннес рекордын жаңартты.

Осыған дейін алты жыл бойы жалғасып келе жатқан шараның рекорды Перта қаласының еншісінде болған. Онда суға жалаңаш күйде 786 адам түсті.

Фото: news.liga.net
Фото: news.liga.net: UGC

Қайырымдылық шараның ұйымдастырушыларының айтуынша, бұл акцияда 315 мың еуро қаржы жиналған.

Фото: news.liga.net
Фото: news.liga.net: UGC

Жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1737315-tyr-zalaas-kjde-suga-sgigen-eki-zarym-my-jel-rekord-ornatty-foto/

pixel