RU
Алматы облысында казино басшылығы табысын жасырып, мемлекетті алдап келген
Жаңалықтар Қоғам

Алматы облысында казино басшылығы табысын жасырып, мемлекетті алдап келген

Рассказать Вконтакте

Осыған дейін жұмысшыларының жалақысын бермей дау туындаған казиноның енді басқа да былықтары ашылып жатыр. Еңбек инспекторлары ондағылардың құжатты қолдан жасап, табысын жасырып келгендігін анықтады деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы.

КТК арнасынан скриншот

КТК арнасынан скриншот
Source: UGC

Казино иелері салықтан жалтару мақсатында астыртын есепшот ашқан. Ал мемлекетке мардымсыз табысты көрсетіп, түскен талай миллиондар қожайынның қалтасына түсіп отырған.

Жұмысшылардың еңбегін жегендер енді осы үшін де жауапқа тартылмақ. Ал казиноның өзі ендігі жабылып тынған. Десе де, иелері оны саудаға салуға асықпай отырған көрінеді. Салдарынан ақшасын ала алмаған жұрт аштық жариялап әлі жатыр. Олардан райларынан қайтуды еңбек инспекторлары да сұрап отыр. Дегенмен, біреуге сенуден қалған казино қызметкерлері маңдай тер еңбекақысы төленбейінше, нәр татудан бас тартты.

"Казино екі бухгалтерия жүргізген. Яғни, қосымша табысты жасырып отырған. Тексерісті әрі қарай жүргіземіз. Қанша ақшаны жасырып үлгерді, одан бюджетке қандай шығын келді бәрін анықтаймыз", - дейді Алматы облысы еңбек инспекциясының басқарма жетекшісі Керімбек Жаншабай.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel