RU
Ақтөбеде шенеуніктер қирап жатқан үйді апатты деп танудан бас тартты
Жаңалықтар Қоғам

Ақтөбеде шенеуніктер қирап жатқан үйді апатты деп танудан бас тартты

Рассказать Вконтакте

Ақтөбеде ағаштан тұрғызылған қос барақ үйді тұрғындар апатты деп тануды сұрап отыр. Өйткені, тақтай жақтаулары шіріп, қабырғасы тесіле бастаған. Сіріңке тисе бір сәтте жанып кеткелі тұр. Дегенмен, шенеуніктер қос ғимаратты апатты үйлер қатарына қоса алмаймыз деп отыр. Бұл туралы КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы хабарлайды.

КТК арнасынан скриншот

КТК арнасынан скриншот

Барақ үйлер осыдан 40 жыл бұрын геолог мамандарға арналып салынған. Ол кезде іссапармен алыстан келгендер ғана аялдап, қысты күні жабық тұратын болған. Ал қазір қос барақты алпыстан астам отбасы паналап отыр. Қырық жыл ішінде үйдің ағаш қабырғасы шіріп, төбесі тесіле бастапты. От тұтанса барақтан шығып үлгермей, күлге айналамыз дейді тұрғындар.

Бұл жатақханаларда жарықтан басқа ештеңе жоқ. Суды тасып ішеді. Газ да тартылмаған. Ең сорақысы дәретхана үшін барақ маңындағы көрші үйдің тұрғындарымен қырқысуға тура келеді. Себебі айналаны түзге шығатын шұңғырларды қазып, бүлдіріп біткен. Ал исі мұрын жарады.

Бұзылғалы тұрған қос үйдің тұрғындары шенеуніктерден ғимаратты апатты деп тануды сұрап отыр. Ескіргеніне байланысты есепке алса, тұрғындар да үй кезегіне тұрар еді. Бірақ әкімдіктегілер бараққа қатысты құжаттың жоқтығы қол байлау болып отырғанын айтады.

КТК арнасынан скриншот

КТК арнасынан скриншот

"Тұрғындарға да айттық олардың құжаттары заңдастырылмаған. Олар әділет басқармасында тіркелген жоқ. Үйдің техникалық паспорты жоқ. Жер актісі жоқ", - дейді Ақтөбе қалалық тұрғын үй инспекциясы басшысының міндетін атқарушы Ақнұр Қазыбаева.

Кезінде геологтар бұл барақтарды не бары 3-4 жыл пайдаланады деп жоспарланған. Одан соң сүріліп тасталуы керек жатақханада қырық жыл бойы жұрт паналайды деп құрылысшылар әсте ойламапты. Сондықтан құжат та толтырылмаған. Енді тұрғындар оны реттеу үшін өздері жиналып кондаминум құру керек. Сол кезде ғана арыздары қаралады.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
4
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel