RU
"Мұндайды тек Шымкентте көрдім": Қазақ қызы Африкадағы өмірі жайлы айтып берді
Жаңалықтар Қоғам

"Мұндайды тек Шымкентте көрдім": Қазақ қызы Африкадағы өмірі жайлы айтып берді

Рассказать Вконтакте

Африкадағы Малави мемлекетіне жұмыс бабы бойынша барған қазақстандық азаматша жергілікті халық пен қазақтардың өзара ұқсастықтары бар екенін айтты. Ол африкалықтардың ұстанатын салт-дәстүрлері мен өмір сүру салтынан өз халқының әдеп-ғұрпының белгілерін байқаған деп хабарлайды Esquire.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: esquire.kz

Фото: esquire.kz

Айнұр Әбсеметова жұмыс бабы бойынша Африкадағы Малави еліне қоныс аударған. Өзге мемлекетте өмір сүріп жатқан ол жергілікті халықтың қазақтарға қатты ұқсас екенін айтты.

"Бір күні әкімшілік ғимаратының күзетшісі маған келіп, қайтыс болған адамға ақша жинап жатқанын айтты. Оған марқұмды танымаймын дегенімде, ол маған бұл жерде дәстүр сондай. Танымасаң да ақша өткізуің керек деп жауап қатты" , - деп әңгімесін бастады қазақсатндық азаматша.

Анықталғандай, күзетшінің өзі де қайтыс болған адамды танымайтын болып шықты. Марқұм адам өте кедей болғандықтан, Малавиде еріктілер оның дұрыс жерленуіне қаржы жинайтын көрінеді.

Фото: esquire.kz

Фото: esquire.kz

Африкалықтардың бұл салты қазақ қызын қатты таңғалдырған. Ол бірден бұл тұста малавиліктердің дәстүрін өз халқымен қатты ұқсатты.

Айнұрдың айтуынша, оның африкалық әріптестері өзара "ауыл банкін" ойнатады.

"Мұндайды мен тек Шымкент пен Түркістанда ғана көрдім. Бірақ ол жерлерде оны басқалай, "гәп" деп атайды" , - деді ол.

Ай сайын әрбір малавилік азамат өз жұмыс орнының қазынасына белгілі мөлшердегі ақша салып тұрады. Бір айда жиналған сомманы ай сайын ауысып тұратын қызметкер алып тұрады. Бұл дәстүр орын алған қаржылық мәселелерді оңай шешуге оңтайлы жол болған.

Фото: esquire.kz

Фото: esquire.kz

Африкалықтардың той алдындағы шаралары да қазақ халқына ұқсас келген. Олар да қыз жасауы мен жаңа туылған нәрестеге сый ретінде ақша жинап тұрады.

Сонымен қатар, қазақ қызы малавиліктердің қыз ұзатуы мен сабан тойларында да болған.

"Малавиліктер өз салт-дәстүрлерін өзгелерден ерекше деп санайды. Алайда бұл салттардың барлығы дерлік Орта Азия елдерінде көптеп кездесіп жатады. Тек кішігірім айырмашылықтары ғана бар. Мәселен, біздегі қыз алып қашудың орнына оларда қызды қарызының орнына сатып жіберу оқиғалары кездеседі", - деп айтты Айнұр.

Айнүр Әбсеметова африкалықтардың қазақ халқы іспеттес қонақжай әрі бауырмашыл екенін де айтып өтті.

Жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
1
0
0
0
11
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel