RU
Павлодардағы өлім шақыратын қорқынышты үй туралы не білеміз? (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Павлодардағы өлім шақыратын қорқынышты үй туралы не білеміз? (фото)

Рассказать Вконтакте

Павлодарда Кутузов көшесінің бойындағы көп қабатты үйдің бірінде 31 жастағы ер адам 14 қабаттан құлап, оқиға орнында қайтыс болды. Оның денесін тауып алған үй тұрғындары жедел жәрдем шақырған деп хабарлайды Today.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Today.kz

Фото: Today.kz

Нелля Геннадийқызы осы үйде үш жыл тұрады. Осы уақыт ішінде екі суицидті естіген. Айтуынша, адамдар түрлі қабаттан өз өмірімен қош айтысқан. Үй баспалдағына қылтима арқылы ғана көтерілуге болады. Тұрғындардың өздері лифтті қолданады, ал өрт тұтанған жағдайда баспалдақ міндетті түрде қажет. Осы себептен адамдар өз өмірлерін осы жерде қиюға келеді.

"Өте жағымсыз, қарғыс атқан үй сияқты. Басқа еш жерде... Білмеймін. Биік болған соң 100 пайыз өлетінің анық, содан шығар. Қайтыс болғандардың бәрі бұл үйдің тұрғындары емес. Естігенім – бір бойжеткен секіріп кеткен, басқа да өткен-кеткендер бар. Бір әйел, келесі күні оның туысқаны", – деді Нелля.
Фото: Today.kz

Фото: Today.kz

Фото: Today.kz

Фото: Today.kz

Бұл үйдің баспалдағының өзі адам шошырлық кейіпте. Мұнда адамдар кешірім сұраған жазбалар, емтиханды жақсы тапсырсам екен деген тілектер қалдырған.

Фото: Today.kz

Фото: Today.kz

Павлодар облысы ІІД мен денсаулық сақтау басқармасы осы үйде қанша адам өз өмірімен қош айтысқанын нақты айтып бере алмады, ал жергілікті тұрғын Наталья болса бұл үй туралы біраз мәліметке ие.

"Есептесек, бұл – тоғызыншы оқиға. 16 қабаттық екі көрші үйде сегіз-сегіз адамнан секірген. Есеп аштық. Бұл басынан бастап жүріп келе жатқан емес. Үйге адамдар 1998 жылдың қарашасында қоныстанған. Оларға мына жер ыңғайлы, өйткені үйге кіру оңай, адамдар көп жүреді", – деді Наталья.
Фото: Today.kz

Фото: Today.kz

Фото: Today.kz

Фото: Today.kz

Павлодар облысы тұрғындарға психологиялық көмек көрсету қызметінің басшысы Светлана Столяревскаяның айтуынша, суицид жасағысы келген адамдар үшін бұл үйге кіру оңай болғандықтан, олар тап осы үйді таңдайды екен.

"16 қабаттық тұрғын үйдердің балкондары ашық. Кіргізбей қою керек деп қанша рет айттық. Пәтер иелерінің кооперативі немесе әкімдік қандай да бір жолмен адамның кіруіне шектеу қоюы тиіс, өйткені адам ашық түрде шығып, бірдеңе жасай алады. Басқаша болмайды. Оңай қолжетімді. Бізде шатырдан құлап жатады. Бұл ашық жер. Бұл жақта балкон көп, қайсысын таңдаймын десе де, өз еркі", – деді ол.
Фото: Today.kz

Фото: Today.kz

Статистикаға сүйенсек, бір жылдың ішінде Павлодар облысында 20 адам биіктіктен құлап өлген.

Фото: Today.kz

Фото: Today.kz

Қызықты жаңалығыңыз бола, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: 8 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
5
3
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel