RU
Қазақстандық әскерилер Ливан, Үндістан мен Пәкістанға аттанады
Жаңалықтар Саясат және экономика

Қазақстандық әскерилер Ливан, Үндістан мен Пәкістанға аттанады

Рассказать Вконтакте

Қазақстандық әскери қызметкерлерді әскери бақылаушылар мен штаб офицерлері ретінде Таяу Шығыс, Ливан, Үндістан, Пәкістан, Кипр мен батыс Сахараға жібермек. Олар Біріккен ұлттар ұйымының бейбітшілікке қолдау көрсету миссиясының халықаралық міндеттерін орындайтын болады деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: Google

Фото: Google

Осы ұсынысты Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев парламентке жолдады. Оның хабарламасын парламенттегілерге қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақов оқып берді.

Қорғаныс министрлігі Сыртқы істер министрлігімен бірге қазақстандықтарға қолайлы бейбітшілікке қолдау көрсету миссияларының тізімін жасап шығарды.

Президент офицерлерді 40 адамға дейінгі құрамда әскери бақылаушылар мен штаб офицерлері ретінде мына аймақтарға жөнелту туралы ұсынысын енгізді:

- Таяу Шығыстағы БҰҰ-ның миссиясы;

- Кипрдегі бейбітшілікті сақтау жөніндегі БҰҰ-ның ҚК;

- Үндістан мен Пәкістандағы БҰҰ-ның әскери бақылаушылар құрамы;

- Ливандағы БҰҰ-ның уақытша күші;

- Батыс Сахарадағы референдум өткізудегі БҰҰ миссиясы.

Белгілі болғандай, қазіргі уақытта Сахарадағы БҰҰ миссиясында бес қазақстандық әскерилер қатысып жатыр. Көбі бейбітшілікке қолдау көрсетуде қосқан жеке үлесі үшін төсбелгілерге ие болып, алғыс та алды. Сонымен қатар, басшылық қызметтерге де тағайындалды.

БҰҰ басшылығы оларға жоғары баға берген. Осы себеппен олар қазақстандық әскерилердің көп болғанын қалап отыр.

Назарбаев өз сөзінде халықаралық қауіпсіздік пен Қазақстан абыройын нығайтуда өз үлесін қосатынын атап өтті.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
6
0
4
1
7
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel