Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте жас жігіт менингит жұқтырды деген күдікпен қайтыс болды

Опубликовано:

Шымкентте 11 сыныпта оқитын ер бала менингит дертін жұқтырды деген күдікпен емханаға түсіп, артынша көз жұмды деп хабарлайды NUR.KZ порталының тілшісі.

Емхана. Көрнекі фото: vsezavisimosti.ru
Емхана. Көрнекі фото: vsezavisimosti.ru: UGC

Ө.Жолдасбеков атындағы №9 мектеп лицейінің 11 сынып оқушысы 15 маусымда қалалық жұқпалы аурулар емханасына жоғары дене қызуымен түскен.

Шымкент қалалық білім бөлімінің берген мəліметіне сəйкес, биыл мектеп бітіргелі жатқан жас түлек 3 шілде күні 18 жасқа толар еді.

"Шымкент қаласы Тассай 191 орам тұрғыны, 03.07.2000 жылы туған С есімді бала 15 маусымда қалалық жұқпалы аурулар емханасында менингит күдігімен мезгілсіз қайтыс болғанын мəлімдейді", - делінген хабарламада.

ОҚО денсаулық басқармасы бұл факті туралы ресми ақпарат берген жоқ. Арнайы брифингте ақпарат беріледі деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1737356-symkentte-zas-zigit-meningit-zktyrdy-degen-kdikpen-kajtys-boldy/

pixel