RU
Жүк көлігінің түтікшесіне басын тыққан қыз одан қайта шыға алмай қалды (фото, видео)
Жаңалықтар Калейдоскоп

Жүк көлігінің түтікшесіне басын тыққан қыз одан қайта шыға алмай қалды (фото, видео)

Рассказать Вконтакте

Америкада Winstock ән фестиваліне барған бойжеткен басымен жүк көлігінің газ шығаратын түтігіне кіріп, қайта шығара алмай қалған. Бұл туралы fakty.ictv.ua сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы хабарлайды.

Фото: fakty.ictv.ua

Фото: fakty.ictv.ua

Арудың түтікшеден шыға алмай қиналған сәтін куәгерлер видеоға түсіріп, желіде таратып жіберген. Оны қазірдің өзінде үш миллионға жуық адам көріп үлгерді.

МакЛеод округінің тәртіп сақшылары мәлім еткендей, қызық оқиғаға тап болған бойжеткен алкогольдік ішімдкке мас болған екен. Куәгерлер оның басын түтікшеден өз беттерінше шығара алмағандықтан, құтқарушылар шақыртуға тура келген.

Фото: fakty.ictv.ua

Фото: fakty.ictv.ua

Кейтлин кейінірек журналистерге сұхбат беріп, мұндай жағдайға қалай тап болғанын айтып берді. Ол жол талғамайтын көліктің үлкен түтікшесін көргенде, достарына "басым сыйып кетеді" деп мақтанып, сөзін іспен дәлелдегісі келген.

19 жастағы ару түтікшенің ішінен шамамен 45 минут шыға алмай жатқан.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
2
8
0
0
4
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel