RU
Қазақстандық трансгендер түрмедегі азапты өмірін баяндады
Жаңалықтар Қоғам

Қазақстандық трансгендер түрмедегі азапты өмірін баяндады

Рассказать Вконтакте

Виктория (бұрынғы Кәрімжан) Беркходжаева абақтыдағы өмірі жайлы айтып берді. Бойжеткенді ауыр бопсалау ісі бойынша жеті жылға соттады. Қазіргі таңда мерзімін Алматы облысы Жауғашты елдімекеніндегі түрмеде өтеп жатыр деп хабарлайды Tengrinews агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: aiman.umarova

Фото: aiman.umarova

Телефон арқылы алынған сұхбатта бойжеткен түрмедегі өмірімен бөлісті.

Викторияның сөзінше, колониядағылар оны жылы шыраймен қарсы алмаған. Оның сексуалды топқа қатысы барын білген кезде бірнеше рет кемсіткен. Ол үрдіс әлі де жалғасын тауып келеді.

Түрме басшылығы оның басқа сотталғандарға тиісетіндігі жайлы сұрастырған болатын.

"Мен қапа боламын. Себебі колония басшылығына әйел адамдар мені қызықтырмайтынын айттым. Мен бала күнімнен әйел болғым келді, маған әркез ер адамдар ұнайтын", - деді Виктория.

Ол ұсталған сәттен бастап оған деген қарым-қатынастың нашар болғандығын білді. Виктория тәртіп сақшылары оған төсін көрсетуін талап еткендігі, "қуаныш сыйлайтын іс тындырып беруін" сұрағаны және, тіпті оның алдында ләззатқа бөленгені жайлы шағымданған болатын. Бірақ істі жауып тастады.

Темір тордың артында отырған Виктория балаларды қатты жақсы көргендіктен оны бала бағушы етіп жұмысқа орналастыруын сұраған болатын. Алайда ол балалардың психикасын бұзады деген себеппен оған рұқсат бермеген.

Абақтыдағы өзін "Бұл", "Еркек" деп атаған әйелмен болған жанжал туралы айтып берді. Бұл жағдай өткен жылдың тамыз айында болған. Сол уақытта Виктория әйелге ыстық шай шашып жіберген. Осы әрекет үшін оны қамаққа алды.

Бойжеткен өзін нашар сезінген, өмірімен қош айтысуды ойлаған. Бірақ оның ойы іске аспады.

"Мен өмірімде осындай қадамға барамын деп ойламадым. Бостандықта мұндай азапты көрмеген едім", - деді бойжеткен.

Қазіргі сәтте ол медсанбөлімде жатыр. Колонияға анда-санда Таразда тұратын анасы келіп тұрады. Виктория, сонымен қатар, ағасы және жеңгесімен байланысын үзбеген.

Еске салайық, Қазақстан үшін Виктория Беркходжаевамен боғлан сот процессі бірінші болды. Себебі сот жынысын ауыстырған адамға үкім шығарды. Белгілі бір уақытқа дейін ерлер немес әйелдер колониясына жөнелту туралы келіспеушіліктер болды. Себебі ол уақытта трансгендер құжаттарын ауыстырып үлгермеген болатын.

Бойжеткенді аса үлкен көлемде ақша бопсалағаны үшін кінәлі деп тауып, жеті жылға соттады.

Таяуда ғана бойжеткеннің қорғаушысы Айман Умарова Виктория зорлыққа ұшырап жатқанын айтқан болатын. Белгілі болғандай, ол фельдшердің погондарын жұлып алған. Әзірге осы іс бойынша шешім қабылданбады.

Қызықты жаңалығыңыз бола, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: 8 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
2
1
0
6
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel