RU
Атышулы "Қалаулымның" ғашықтары әзір үйленбейтінін мәлімдеді (фото)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Атышулы "Қалаулымның" ғашықтары әзір үйленбейтінін мәлімдеді (фото)

Рассказать Вконтакте

Елді шулатып барып, аз уақытқа демалысқа кеткен "Қалаулым" бағдарламасының танымал ғашықтары қашан шаңырақ көтеретіндері жайлы айтып берді деп хабарлайды comode.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Атышулы "Қалаулым". Фото: comode.kz

Атышулы "Қалаулым". Фото: comode.kz

Әлібек пен Кәмила "Қалаулым" бағдарламасына келмей тұрып таныс болған. Әлібекті жобадан көрген Кәмиланың өзі жазып бастапты.

Тойды биылғы жазға жоспарлаған ғашықтардың тілегі отбасылық мәселелерге байланысты қысқа немесе келесі жылға қалдырылған.

Әлібектің әлеуметтік парақшасында жарияланған Кәмиланың орамал таққан суреті бейнебаяннан үзінді болып шықты.

"Негізі тойды шілде-тамыз айларына жоспарлаған едік. Бірақ кейінге шегеруге тура келді. Біз үйде екі баламыз. Менің алдымда әпкем бар. Сол кісінің қыркүйек айында ұзату тойы болады. Ал, біздің тойымыз қысқа немесе келесі жылы жазға қалдырылды. Тойдан соң ата-анамызбен бірге тұрамыз", - деді бағдарламадан бақыт тапқан жастар.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
5
1
2
0
3
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel