RU
Ақтауда жүкті әйел абайсызда судың орнына сірке суын ішіп қойды
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Ақтауда жүкті әйел абайсызда судың орнына сірке суын ішіп қойды

Рассказать Вконтакте

Маңғыстау облыстық емханасына бір стақан сірке суын ішіп қойған жүкті әйел жеткізілді. Жыл сайын осындай 15-20 жағдай тіркеледі деп хабарлайды NUR.KZ.

Көрнекі фото.

Көнекі фото.

Оқыс оқиға 12 маусым күні болған. Босануына аз уақыт қалған 28 жастағы жүкті әйел ауруханаға мерзімінен бұрын түсті.

Әйел сірке суын қарапайым су деп ойлап қалып, байқамай ішіп қойғанын дәрігерлерге айтып берді. Маңғыстау облыстық аурухана дәрігерлерінің айтуынша, әйелде "ішек жолдарының химиялық күйігі" анықталмады.

"Асқазан күйігі анықталмады. Мамандардың тексерісі мен медициналық көмектен кейін әйелді облыстық перинаталды орталықтағы гинекологқа жібердік", - деді облыстық аурухана дәрігерлері.

Мамандардың айтуынша, жыл сайын өзін өзі өлтірмек болған немесе байқамай сірке суын ішіп қойған адамдар ауруханаға келіп түседі екен. 2018 жылы сірке суын ішіп, өзіне қол жұмсаған бір адамның өлімі тіркелген.

Қызықты жаңалығыңыз бола, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: 8 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
0
3
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel