RU
Шымкентте ер адам мен бойжеткен жантүршігерлік апатқа түсті (фото)
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Шымкентте ер адам мен бойжеткен жантүршігерлік апатқа түсті (фото)

Рассказать Вконтакте

Шымкентте Қонаев даңғылымен үлкен жылдамдықта келе жатқан "Мерседес" жүргізушісі рөлді басқара алмай, темір қоршауға соғылып, аударылып түскен. Көлікте жас жігіт пен бойжеткен болған. Бұл туралы Otyrar.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Фото: otyrar.kz

Фото: otyrar.kz

Көлік 24 метр қоршауды бұзып өткен. Соққының әсерінен көлік жана бастаған. Жолшыбай өтіп бара жатқан жаяу жүргіншілер ер адам мен бойжеткенді көліктен шығарып алды.

Оқиға орнына полицейлер, өрт сөндіру техникасы мен жедел жәрдем көлігі келді.

Фото: otyrar.kz

Фото: otyrar.kz

Расталмаған ақпарат бойынша, "Мерседес" жүргізушісі ауруханаға түскен сәтінде есін білген және айтуынша, оны оң жағынан "Тойота Камри" көлігі қиып кеткен.

Фото: otyrar.kz

Фото: otyrar.kz

Қызықты жаңалығыңыз бола, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: 8 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
1
0
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel