Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мұқасан Шахзадаевтың ер жеткен үш ұлы да қазақша сөйлей алмайтын болып шықты

Опубликовано:

"Нұр Мұқасан" тобының бұрынғы әншісі Мұқасан Шахзадаев осыдан біраз уақыт бұрын әріптесі Нұрлан Қонысбаевпен араласпайтынын мәлімдеген болатын. Ал бүгін әнші ересек балаларының бір ауыз қазақша білмейтінін айтып елді таңғалдырды деп хабарлайды "Ревю" бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Мұқасан Шахзадаев. Фото: SN.kz
Мұқасан Шахзадаев. Фото: SN.kz: UGC

Әншінің Димаш, Дастан, Диар есімді үш ұлы да орысшаға судай. Мұқасан тұңғышын қазақ тілді балабақшаға беремін деп, тәрбиешілердің үйреткеніне көңілі толмаған.

"Баламды қазақ тілді балабақшаға берген едік. Ол алты айда бірде-бір қазақша үйренбеді. Баламыз не қазақша білмейді, не орысша білмейді. Дүбара болып өсіп жатыр. Содан баламызды орыс тілді балабақшаға беруге шешім қабылдадық. Жаңа балабақшаға барғаннан кейін ұлымыз орысша сөйлеп, түрлі тақпақты айтуды үйренді, - деді Шахзадаев.

Ал Шахзадаевтің әріптесі Кенжебек Жанәбілов балаларының орыс тілін енді үйреніп жүргенін мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1737395-mkasan-sahzadaevty-er-zetken-s-ly-da-kazaksa-sjlej-almajtyn-bolyp-sykty/

pixel