RU
"Есепшілердің қателігі": Сағынтаев нәтижесіз жұмсалған қаржының қайда кеткенін айтып берді
Жаңалықтар Қоғам

"Есепшілердің қателігі": Сағынтаев нәтижесіз жұмсалған қаржының қайда кеткенін айтып берді

Рассказать Вконтакте

Депутат Михаил Чирков өткен жылғы тиімсіз жұмсалған 508 миллиард теңгенің есебін премьер-министр Бақытжан Сағынтаевтан сұрады деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото astanafm.kz

Фото astanafm.kz

"2016 жылы 268 миллиард теңге тиімсіз жұмсалған болса, 2017 жылы 508 милллиард теңгеге өскен", - деп мәлімдеді Чирков.

Сағынтаев болса биылғы шығынның шын мәнінде көбейіп кеткенін айтып отыр.

"Расында 508 миллиард теңге өткен жылғы есеппен салыстырғанда екі есе көп. Егер анықтап қарасақ, 80 пайызы техникалық қателіктен болыпты. Яғни қаржылық заң бұзушылық емес, есепшілеріміздің қателігінен шыққан.

Сол себепті, қазір заң шеңберінде есепшілердің біліктіліктерін арттыру бойынша жұмыс жүргізілуде", - деп ақталды премьер-министр.

Сөз соңында Сағынтаев бюджеттік қаражатты тиімді жұмсаудың әдіснамасын қайта жасап, өздеріне қолдау көрсетуді сұрады.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
5
0
4
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel