RU
Алматылық жігіт қошқарды 205 рет көтеріп, дүйім жұртты тәнті етті (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Алматылық жігіт қошқарды 205 рет көтеріп, дүйім жұртты тәнті етті (фото)

Рассказать Вконтакте

Алматыда мешіт келушілерінің арасында спортты дамытуға арналған "Асыл мұра" бағдарламасы басталды деп хабарлайды Алматы қаласы дене шынықтыру және спорт басқармасына сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Алматы қаласы дене шынықтыру және спорт басқармасы

Фото: Алматы қаласы дене шынықтыру және спорт басқармасы
Source: UGC

Бүгін Ораза айт мейрамының бірінші күнінде Орталық мешітте 3000-ға жуық қала тұрғындары қатысқан бағдарламаның ашылу салтанаты өтті.

Шара барысында қошқар көтеру, арқан тарту, асық ату секілді ұлттық ойындар ойнатылды.

Аталмыш жарыстарға қатысушылар жігерлік танытып, әсіресе қошқар көтеруге ынта білдірді. Барлығы үш қошқар ойнатылып, соның бірін еркін күрес палуаны, ұлттық құраманың мүшесі Ілияс Жұмай иеленді. Ол 40 келілік қошқарды 205 рет көтеріп, рекорд орнатты.

Фото: Алматы қаласы дене шынықтыру және спорт басқармасы

Фото: Алматы қаласы дене шынықтыру және спорт басқармасы
Source: UGC

"Осындай жарысқа бірінші рет қатысып отырмын. Жеңгеніме қуаныштымын. Одан да көп көтеруге күшім жетер еді, бірақ барлығы бірауыздан жеңісті маған бергендіктен, жалғастырудың мәні болмады. Өзім еркін күреспен сегіз жастан бері айналысып келемін. Сондықтан болар, ауыр болмады", - деп Ілияс Жұмай өз ойымен бөлісті.

Қызықты жаңалығыңыз бола, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: 8 747 535 12 98

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
1
10
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel