RU
Өзгенің сізге деген сезімі бар екенін қалай білуге болады?
Жаңалықтар Калейдоскоп

Өзгенің сізге деген сезімі бар екенін қалай білуге болады?

Рассказать Вконтакте

Ғалымдар адамдардың сізге деген ерекше көңілі немесе сезімі барын олардың сөйлеу мәнері мен бет қимылдары арқылы да білуге болады деген тұжырымды алға тартып отыр. Мамандар осы мақсатта 50-ге тарта зерттеу жүргізіп, аталған тұжырымды дәлелдеп үлгерген деп хабарлайды novostiifakty-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото ашық дереккөзден алынды

Фото ашық дереккөзден алынды

"Psychological Bulletin" журналында әлем ғалымдарының ерекше мақаласы жарық көрді. Онда "адамдардың сізге деген сезімінің бар-жоқтығын олардың бет қимылы мен іс-әрекеттері арқылы" білуге болады деген тұжырым айтылған.

Айтуларынша көзге тіке қарау, жымию, бас изеу мен бет қимылдарын қайталау сынды әрекеттер – адамдардың сізге деген ерекше көңілі бар екенін білдіреді екен. Егер жаңа танысқан немесе өзіңіз тілдесіп отырған жанның бойынан аталған әрекеттерді байқасаңыз оның сізге деген сезімі бар деп есептей беріңіз.

Мамандардың сөзінше, зерттеу нәтижелері адамдар арасындағы қарым-қатынастың қандай деңгейде екенін анықтауға жол ашады екен.

Айта кетерлігі бұл мақсатта олар әлемнің көптеген елдерінде 50-ге тарта зерттеу жүргізген екен.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
1
0
0
1
3
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel