RU
Менингит күдігімен көз жұмған шымкенттік түлектің мектебінде жаппай тексеріс басталды (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Менингит күдігімен көз жұмған шымкенттік түлектің мектебінде жаппай тексеріс басталды (фото)

Рассказать Вконтакте

Шымкентте менингит жұқтырды деген күдікпен қайтыс болған түлектің мектебінде жаппай медициналық тексеру жұмыстары басталды. Білім бөлімі мамандары хабарлағандай, білім ұясы уақытша жабылып, карантин жарияланбақ деп хабарлайды NUR.KZ.

Марқұм оқыған мектеп

Марқұм оқыған мектеп

Дәл қазіргі уақытта қауіпті инфекцияның таралуын алдын алу үшін дәрігерлер марқұм оқушымен қарым-қатынаста болғандарға вакцина салып берді. Сондай-ақ, мектептегі бітіруші түлектер мен мұғалімдер, ата-аналар толық тексеруден өткен.

"Қызым он бірінші сыныпты бітірді. Оның құлағын, тамағын толық тексеруден өткізді. Вакцина салды. Үш күнге дәрі жазып берді. Дәріні үйде ішетін болдық. Тағы анализ алды. Үш күннен кейін қорытындысы белгілі болады", - дейді ата-ана.

Қалалық білім бөлімі мәлімдегендей, медициналық тексеру жұмыстары аяқталған соң, мектеп уақытша жабылып карантин жарияланбақ. Ал марқұм болған жасөспірім үлгілі оқушылардың қатарында болған.

Ал облыстық денсаулық сақтау басқармасы марқұм болған оқушыға "Болжамды менингит инфекциясы" диагнозы қойылғанын растады.

Еске сала кетейік, бүгін Шымкентте менингит жұқтырды деген күдікпен жас түлек қайтыс болды. Бозбала бүгін мектепте аттестат алуы керек болатын.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
1
6
1
0
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel