RU
Қазақстандық әйел Түркия әуежайында жадынан айырылып қалды
Жаңалықтар Қоғам

Қазақстандық әйел Түркия әуежайында жадынан айырылып қалды

Рассказать Вконтакте

Әлеуметтік желілерде қазақстандық әйелдің Стамбул әуежайында жадынан айырылып, көмекке мұқтаж екені жайлы ақпарат тарады. Еліміздің Сыртқы істер министрлігі аталмыш мәліметті тексеріп жатыр деп хабарлайды Sputnik Қазақстанға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Иллюстрациялық фото: Ground Shuttle

Иллюстрациялық фото: Ground Shuttle
Source: UGC

Желі қолданушылардың сөзіне сүйенсек, жадынан айырылған Светлана Чернышова Стамбулдан Бішкекке ұшуы тиіс болған екен.

"Отбасыммен бірге 11 маусымда сағат 9:00 кезінде Түркия әуежайынан көрдім, мінез-құлқы бір түрлі болды, бірдеңе ұшыраған сияқты, жартылай жадынан айырылған. Ұшағы 1:00-де ұшып кеткен екен, жүгі де сонда кетті", — деп жазады куәгер.

Куәгердің айтуынша, әйел адамды әуежайдан жедел жәрдем қызметкерлері алып кеткен. Ал Қазақстанның Стамбулдағы консулы істің мән-жайын анықтауға аттанған.

"Стамбулдың билік өкілдері тұлғаның қалада екенін растады. Қазақстанның Стамбулдағы консулы істің мән-жайын анықтауға аттанған. Әйелдің Қазақстан азаматы екеніне көз жеткізуі тиіс", — деп мәлімет берді Сыртқы істер министрлігі Sputnik Қазақстанға.

Tengrinews.kz-тің хабарлауынша, Сыртқы істер министрлігі аталмыш тұлға 12 маусым күні Түркиядан кетіп қалғанын анықтаған. Қазіргі таңда СІМ оқиғаның мән-жайын анықтап, әйелдің нақты қай жерде екеніне көз жеткізбекші.

Сіздің реакцияңыз
2
0
0
4
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel