RU
Маңғыстауда 15 жастағы қызды алып қашқан жігіттің басы бәлеге қалды
Жаңалықтар Қоғам

Маңғыстауда 15 жастағы қызды алып қашқан жігіттің басы бәлеге қалды

Рассказать Вконтакте

Маңғыстау облысында жас жігіт 15 жастағы қызды заңды некеге отыру үшін алып қашып кеткен деп хабарлайды tumba.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: tumba.kz

Фото: tumba.kz

Анықталғандай, оқиға негізінде ағымдағы жылдың сәуір айының соңында болған, бірақ құқық қорғау органдары оны енді біліп отыр.

21 жастағы Шетпе ауылының тұрғыны желтоқсан айында енді ғана 16 жасқа толатын ауылдас қызын ұрлап алып, қашқан. Тіпті, онымен бірге төсек қатынасында болғаны да белгілі болды.

Жігітке қандай шара қолданылғаны әзірге белгісіз. Бірақ заңгерлердің айтуынша, кәмелетке толмағандармен жыныстық қатынасқа түсу заңмен қудаланады.

Заңда жазылғандай, ешкім 16 жасқа толмаған адамдармен некелесуге рұқсат бермейді. Ондай рұқсат сирек жағдайда, мысалы жас қыз жүкті болып қалған кезде берілуі мүмкін.

Қызықты жаңалығыңыз бола, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: 8 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
1
1
0
0
7
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel