RU
Астананың қыздары "чайка": Алматылық жігіт түнгі бикештер туралы ашық айтты
Жаңалықтар Қоғам

Астананың қыздары "чайка": Алматылық жігіт түнгі бикештер туралы ашық айтты

Рассказать Вконтакте

Жұмыс бабымен Астанаға көшіп кеткен алматылық жігіт елорданың түнгі өмірі қызықсыз екенін айтты. Сейітханның айтуынша, астаналықтар әлдеқайда салқын әрі өркөкірек екен деп жазады NUR.KZ.

Фото: club-pilot.ru

Фото: club-pilot.ru

Сейітханның айтуынша, Астанада бәрі қымбат және түнгі клубта қыдыратын жастары мақтанға салынған.

"Шынымды айтсам, Астанада жөні түзу түнгі клубтың екеуін ғана таптым. Қалғандарында баға ұшып тұр, тек байларға арнап салынған сияқты. Қалта көтермеді", - дейді ол.

Сондай-ақ, Сейтханды Астананың түнгі клубындағы бикештердің қылығы әбден ашуландырған.

"Ашығын айту керек - Астананың қыздары "чайкалар". Қымбат түнгі клубтарға келіп, қалталы жігітерді немесе "ағашкаларды" аңдып отырады. Ол жігіт әйелімен немесе сүйіктісімен келсе де, астаналық қыздар қыңқ етпейді. Ар-намысты ысырып қойып, визиткасын ұсына береді. Білмеймін, мүмкін олар үшін бұл қалыпты нәрсе шығар. Мұндай қыздар барлық қалада бар деп айтушылар да табылар. Әйтсе де, менің Алматымда қыздар әлдеқайда әдепті сияқты", - дейді Сейітхан.

Сондай-ақ, Сейітхан клубтағы кез келген қыздың өзімен сүйісуге дайын тұратынына таң қалдым.

"Қанша қызбен таныстым, барлығы да кетәрі емес. Тіпті, өздері бастап сүйісуге дайын тұрады. Бас салып сүйіп жатқандары қаншама?! Меніңше, қыздарға мұндай болудың қажеті жоқ", - дейді ол.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
45
2
8
13
1
6
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel