RU
Туған қызына ішімдік ішуге мәжбүрлеген ана 20 жылға сотталып кетті
Жаңалықтар Әлемде

Туған қызына ішімдік ішуге мәжбүрлеген ана 20 жылға сотталып кетті

Рассказать Вконтакте

Американың Сомерсет қаласының тұрғыны өзінің 14 жастағы қызына виски ішкізген. Қыз бала есін жинай алмай, жерге құлаған. Енді анасы 20 жылға түрмеге қамалмақ деп хабарлайды lenta.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: kentucky.com

Фото: kentucky.com

Lexington Herald-Leader ақпаратына сүйенсек, осыған дейін 35 жастағы Миранда Гейл Полстон әр түрлі қылмыстары үшін бес жылдық сынақ мерзімімен 20 жылға сотталған болатын. Өзінің қызына ішімдік ішкізген ол осы ережені бұзып қойды. Судья кезекті қылмысын істеген әйелге ұзақ мерзімдік жазасын өз күшінде қалдырды.

Әйелдің айтуынша, ол қызына ішімдіктің зиян екенін көрсеткісі келген. Бұл жағдайды куәгерлер де растап отыр. Олар Миранданың қызы үйге мас күйінде келгенін, сол себепті анасы қызына тағы да ішімдік беріп, оның толықтай есінен танып қалуына әрекеттенгенін айтып отыр. Айтуларынша, осындай әдіспен анасы қызының өзін ауыр халде сезініп, спиртті ішімдікті мәңгілікке ұмытуын қалаған.

Белгілі болғандай, келесі күні қыз баланың есінде ештеңе қалмаған.

Оқиға жайында полицейлер әлеуметтік желідегі видеодан көрген. Онда анасы қызын виски ішуге мәжбүрлеп жатқан кадр бар. Видеоны кім жариялағаны әзірге белгісіз.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
1
2
1
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel