RU
Еліміздегі танымал әуекомпания ұшағының босап тұрған терезелері жолаушыны шошытты (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Еліміздегі танымал әуекомпания ұшағының босап тұрған терезелері жолаушыны шошытты (фото)

Рассказать Вконтакте

"SCAT" әуекомпаниясымен Астана-Тараз бағытына ұшып бара жатқан жолаушы әуе кемесінің босап қалған терезелерін көріп, жағасын ұстады. Жолаушы әуесқой түсірілімін Instagram әлеуметтік желісіне жүктеген деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: Airplane-Pictures.net

Фото: Airplane-Pictures.net

Оның айтуынша, ұшақ әуеде екі жарым сағат бойы ұшқан. Жолаушылардың барлығы үндемей дұға етіп отырған.

Сонымен қатар, ұшақ терезелерінің босап кеткен көрінісі видеода айқын көрсетілген.

"SCAT әуекомпаниясы. Астана-Тараз рейсі. Сөзім жоқ, мына ұшақта 2:30 сағат ұштық. Барлығымыз үн шығармай, дұға етіп отырдық. Мұндай ұшақтарды қалай ғана рейске жіберуге болады? Барлығы кір, тікесіне айтқандай сасық иіс те шығып тұр", – деп жазды автор.

"NUR.KZ" порталы мәселенің анық-қанығын білу мақсатында әуекомпанияға сұраныс хат жіберген болатын.

"Әуекомпанияның ішкі бағыттар тізімінде болған қиындықтар кесірінен SCAT әуекомпаниясы сан қилы әуе кемелерінде түрлі бағытта ұшатын кейбір қазақстандық әуекомпанияларымен келісімшартқа отырған болатын. Сондай әуекомпанияларының бір ұшағы АН-24 типіне жатады. Келісімшартқа отырмас бұрын, компания ұшақтарына тексеріс жүргізілген болатын. Жолаушылар әуе кемесінің ауысқаны жайлы хабардар.
Ұшу тізімінде орын алған қиындықтарға байланысты SCAT әуекомпаниясы қалыпқа келтіру жұмыстарын жүргізуде. Жақын арада жағдай оңалатын болады. Әуекомпания жолаушылардан кешірім сұрап, орын алған жағдайларға байланысты түсіністік танытуларын өтінеді", - деп жазылған SCAT әуекомпаниясының хабарламасында.

Қызықты жаңалығыңыз бола, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: 8 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
0
3
0
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel