RU
Қатыгез ана: Мүгедек баласын құлдыққа сатпақ болған әйел істі болды
Жаңалықтар Әлемде

Қатыгез ана: Мүгедек баласын құлдыққа сатпақ болған әйел істі болды

Рассказать Вконтакте

Украинадағы Запорожье қаласының тұрғыны өзінің мүгедек баласын екі мың долларға сатып жібермек болды. Қатыгез ана туған ұлын құлдыққа бергелі жатқан жерінен ұсталынды деп хабарлайды life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: life.ru

Фото: life.ru

15 жастағы мүгедек баласының сатылымынан айырған ақшаны ол өз пайдасына жаратпақ болған. Жер сатып алып жеке кәсіппен айналысуға ниеттенсе керек.

Анықталғандай, әйел адам ақша беріп жатқан жерінен ұсталып, уақытша тергеу изоляторына тоғытылған.

Украиналық ІІМ басшысының мәлімдеуінше, әйел адам туған баласын құлдыққа сатып жібергісі келді. Ол сатылымнан алған ақшаға жер сатып алып бизнеспен айналыспақшы болған. Оның үстіне қатыгез ана ұлының болашақта оның пәтеріне ие болғанын қаламады.

Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалған. Әйел адамға жоқ дегенде 12 жылға бас бостандығынан айыру үкімі шықпақ.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
1
1
2
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel