Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлем чемпионатында ортаңғы саусағын көрсеткен танымал әнші жер болды (фото)

Опубликовано:

Ресейде бастау алған әлем чемпионатының ашылу салтанатында британдық әнші Робби Уильямс ортаңғы саусағын көрсетіп ұятқа қалды. Бұл туралы segodnya.ua сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Фото: РИА Новости/Александр Вильф
Фото: РИА Новости/Александр Вильф: UGC

Дүбірлі доданың шымылдығын бразилиялық Роналдо, аңызға айналған әйгілі қақпашы Икер Касильяс өзге де маңдай алдылар ашты. Бір емес бірнеше әншырқаған атақты әнші Робби Уильямс тамаша бастағанымен дүйім жұрттың көзінше ортаңғы саусағын шығарып, әдепсіздік танытты.

"Rock DJ" әнін шырқаған Робби мұнымен қоймай әніне "I did this for free" ("мен бұны тегін істедім") деген сөзді қосқан.

Енді, Роббиді тікелей эфирде көрсеткен бұл қылығы үшін Ресейде жазалуы мүмкін. Британдық БАҚ-тың хабарлауынша айыппұл құны 500 мың рубльді құрап отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1737470-lem-cempionatynda-ortagy-sausagyn-krsetken-tanymal-nsi-zer-boldy-foto/

pixel