RU
Уругвай құрамасы мысырлақтарды ұтып кетті
Жаңалықтар

Уругвай құрамасы мысырлақтарды ұтып кетті

Рассказать Вконтакте

Әлем чемпионатының топтық кезеңде кездескен Уругвай құрама командасы мысырлықтарды жеңіп кетті. Екі құрама арасындағы матч 1:0 есебімен аяқталған. Ойынның соңғы минутда уругвайлықтардың шабуылы голмен аяқталды деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: РИА Новости/Павел Лисицын

Фото: РИА Новости/Павел Лисицын

Ойындағы жалғыз голдың авторы уругвайлық Хосе Мария Хименес болды.

Бірінші айналымның нәтижесі бойынша бұл топта Ресей құрамасы көш бастап тұр. Ресейліктер еншісінде үш ұпай. Тізімде екінші болып үш ұпай алған Уругвай құрама командасы келе жатыр. Ресеймен ұпай сандары бірдей болғанымен, соғылған гол саны жөнінен уругвайлықтар екінші орында қалуға мәжбүр.

Бұл топтың үшінші орнында мысырлықтар болса, төртінші болып Сауд Арабиясының құрамасы орналасқан.

Фото: РИА Новости/Павел Лисицын

Фото: РИА Новости/Павел Лисицын

Екінші айналымда, 19 маусым күні Ресей құрамасы мысырлықтармен бақ сынасса, 20 маусым күні Уругвай Сауд Арабиясымен өзара мықтыны анықтайды.

Айта кетейік, Ресейде тұңғыш рет болып тұрған әлем чемпионаты 14 маусымда басталып, 15 шілдеде аяқталмақ.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
2
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel