RU
Әлем чемпионатына трактормен келген германиялық жанкүйер елді тәнті етті
Жаңалықтар

Әлем чемпионатына трактормен келген германиялық жанкүйер елді тәнті етті

Рассказать Вконтакте

70 жастағы зейнеткер Губерт Вирт Ресейдегі әлем чемпионатына 1936 жылы жасалыған трактормен келді. Ол Германия құрамасына қолдау көрсету үшін үлкен арақашықтықты еңсерген деп хабарлайды baq.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: n-w.tv

Фото: n-w.tv

Неміс азаматы сағатына 30 шақырымды еңсеретін трактормен 2500 шақырымды артқа тастаған. Оның Германиядан Мәскеуге келіп жетуіне бір ай көлеміндегі уақыт кетті.

Ол туған қаласынан 15 мамырда шыққан. Зейнеткер чемпионаттың жартылай финалдық ойындарын тамашалау үшін әрі қарай тракторымен Санкт-Петербургке жолға шығуды жоспарлап қойған. Ол әлем чемпионаты аяқталған соң бір-ақ қайтуды көздейді. Қайтар жолда жеңісті тойлап баруға үлкен үміт артып отыр.

Еске сала кетсек, 2018 жылғы Әлем чемпионаты Ресей Федерациясының 11 қаласында 14 маусым мен 15 шілде аралығында өтеді. Германия құрамасы F тобында Мексика, Швеция, Оңтүстік Кореяға қарсы ойнайды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
1
0
0
6
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel