Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көзі тірісінде үлгермеді: белгілі сазгер Батырхан Шүкеновтің ешкім білмейтін сырын айтты

Опубликовано:

Кеше Астанада әйгілі Батырхан Шүкеновты еске алу кеші өтті. Оған Байғали Серкебаев бастаған белгілі өнер иелері мен ресейлік эстрада жұлдыздары қатысты. Концерттің елордада ұйымдастырылуына мұрындық болған танымал сазгер Ринат Гайсиннің айтуынша, әнші-композитор Батырхан Шүкенов көзі тірісінде достары және өнердегі әріптестерімен бірге елінде концерт өткізуді армандаған екен деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

Отандық танымал сазгер Ринат Гайсиннің айтуынша, Батыр аға көзі тірісінде де Қазақстанда өнердегі әріптестері мен достарының қатысуымен осындай ауқымды концерт өткізудің жоспарлаған екен. Композитор оны кеш алдында өткен арнайы брифингте мәлімдеді.

"Бүгінгі ауқымды концертке Батыр ағамызбен бірге бір сахнада талай жыл өнер көрсеткен, оның өнерін ерекше бағалаған ресейлік және отандық әншілер өнер көрсетеді. Олардың қатарында Валерий Меладзе, Леонид Агутин, Владимир Пресняков, Роза Рымбаева, Нағима Есқалиева сынды әншілер бар. Негізі Батыр ағамыз мұндай концертті бұрыннан бері ұйымдастыруды жоспарлап жүрген еді. Оған амал нешік, тағдырдың жазғаны болар, үлгермеді. Сұм ажал ол кісіні біздің арамыздан алып кетті",-деп еске алды белгілі композитор.

Сонымен бірге ол аталмыш шараға қолдау көрсеткен, А-студио тобының жетекшісі Байғали Серкебаевқа да өз алғысын білдірді.

"Байғали ағаны мен өнердегі ағам деймін. Бұл кісі біз үшін – Боря аға, еркелетіп солай деп айтамыз. Өздеріңіз білесіздер Батыр ағаны еске алу кеші Алматыда бірнеше рет ұйымдастырылған еді, бірақ Астанада әлі күнге дейін өткізілмепті. Сол себепті осы кешті Астанада өткізуді ұйғардық, осы идеяға қолдау көрсеткен Байғали ағаға рахмет»,-деді Ринат Гайсин.

Байғали Серкебаев болса өз кезегінде "неліктен Боря аға" деген атқа ие болғанының сырын ашты. "Мүмкін көпшілік үшін Байғали шығармын, бірақ жақындарым мен мені жақсы танитын адамдар үшін мен Боря ағамын. Кім біледі Ринат та болашақта Рена аға болатын шығар",-деп әзілдеді белгілі өнер иесі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1737499-kzi-tirisinde-lgermedi-belgili-sazger-batyrhan-skenovti-eskim-bilmejtin-syryn-ajtty/

pixel