RU
"Әлемдегі мықты футболшымын" деп жар салған спортшы кім?
Жаңалықтар Спорт

"Әлемдегі мықты футболшымын" деп жар салған спортшы кім?

Рассказать Вконтакте

Бразилия құрамасының футболшысы Неймар да Силва Сантос Жуниор YouTube арнасындағы Desimpedidos-қа берген сұхбатында өзін әлемдегі ең мықты ойыншы деп мәлімдеді. Бұл туралы life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Фото: Eurosport

Фото: Eurosport

"Бәрінен биік тұрған екі адам бар, - бұл - Криштиану Роналду мен Лионель Месси. Өзімнің ұялшақтығыма қарамай айтайын: мен- бүгінгі таңдағы әлемдегі ең мықты ойыншымын. Өйткені олар басқа әлемнен", - деді Неймар.

Сонымен қатар, ол әлем чемпионатында өзінің құрамасының жақсы өнер көрсететініне сенеді.

"Бразилияның қазіргі құрамасы төрт жыл бұрынғы жағдайға қарағанда дайын. Чемпионатты жеңу - басты мақсатымыз. Бұл турнир чемпиондар Лигасына қарағанда әлдеқайда маңызды", - деді футболшы.

Әлем чемпионаты кезінде бразильдік футболшылар Коста-Рика, Швейцария, Сербия құрамаларымен кездеседі.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
3
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel