RU
ӘЧ-2018: Уругвай құрамасы мысырлықтарды ойынның соңғы минутында ойсырата жеңді
Жаңалықтар

ӘЧ-2018: Уругвай құрамасы мысырлықтарды ойынның соңғы минутында ойсырата жеңді

Рассказать Вконтакте

Ресейде футболдан өтіп жатқан әлем чемпионатында Уругвай құрамасы Мысырды жеңіп, үш ұпайға ие болды. А тобындағы екінші ойын болса 1:0 есебімен аяқталды. Бұл туралы vesti.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Фото: vesti.kz

Фото: vesti.kz

Бұл топтағы бірінші ойынды Ресей құрамасы кеше Сауд Арабияны 5:0 есебімен ұтқан болатын. Бүгін бұл топта уругвайлықтардың жолы болды.

Уругвай құрамасына жеңіс сыйлаған голды 89 минутта Хосе Хименес соқты. Айта кетейік, бұл ойынға мысырлықтар сенім артқан футболшы Мұхаммед Салах жарақатына байланысты қатыса алған жоқ.

Ендігі ойындарда уругвайлықтар Ресей мен Сауд Арабиясына қарсы ойнауы мүмкін.

Айта кетейік, бүгін В тобында Марокко мен Иран, Португалия мен Испания құрамалары кездеседі.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
0
0
1
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel