RU
Балқаш көлінде суға батып кеткен студент жігіттің денесі табылды
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Балқаш көлінде суға батып кеткен студент жігіттің денесі табылды

Рассказать Вконтакте

Балқаш көлінде сегіз ай бұрын жоғалып кеткен студент жігіттің денесі табылды деп хабарлайды orken-media-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: newstracker.ru

Көрнекі фото: newstracker.ru

20 жастағы жігітті судың үстінде қалқып жүрген бетінде Приозерск қаласының жағажайынан 10 км жерде балықшы тауып алған. Ол дереу құтқарушыларға қоңырау шалған.

"Оқиға орнына төрт адам құрамында құтқарушылар бөлімшесі аттанды. Балықшының берген ақпараты бойынша құтқарушылар жігітті жағаға шығарып алды. Денені жағада күтіп тұрған туыстары таныды. Іспен әрі қарай полицейлер айналысады", - деді Қарағанды облысы ТЖД ресми өкілі Жанна Дәуренбекова.

Еске салайық, өткен жылдың қыркүйек айында моторлы қайықпен Тасарал кентінің маңында балық аулауға шыққан екі студент жігіт жоғалып кеткен болатын. Ауа райының қолайсыздығына байланысты кеш жүргізілген іздестіру шаралары еш нәтиже бермеген.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
1
5
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel