Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Месси турнирді бастайды: 16 маусымға арналған матчтар тізімі

Опубликовано:

16 маусым күні футболдан әлем чемпионаты кезінде С және D топтарында ойнайтын төрт команданың матчы өтетін болады деп хабарлайды FIFA-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Месси. Фото: sport.ua
Месси. Фото: sport.ua: UGC

1. Франция - Австралия (С тобы)

Екі команданың кездесуі Қазан қаласында Астана уақыты бойынша сағат 16:00-де басталады.

Бәрімізге белгілі, Франция құрамасы турнирге Евро-2016 вице-чемпиондары ретінде келіп отыр, ал Австралия туралы ондай ештеңе айта алмаймыз.

2. Аргентина - Исландия (D тобы)

Футбол матчы Ресей астанасы Мәскеу қаласында Астана уақыты бойынша сағат 19:00-де басталады.

Әлемге әйгілі футболшы Лионель Месси әлем чемпионатындағы өзінің алғашқы ойынын "Спартак" стадионында өткізеді.

Айтқандай, Исландия құрамасы да осал емес. Екі жыл бұрын скандинавтықтар тамаша ойын көрсеткен болатын. Сол кезде олар ағылшындарды жеңген.

3. Перу - Дания (D тобы)

Дания мен Перу құрамаларының кездесуі Саранск қаласында Астана уақыты бойынша сағат 22:00-де өтеді.

Жанкүйерлер сүйікті командалары үшін "Саранск Аренаға" жиналады.

4. Хорватия - Нигерия (С тобы)

Нигериялықтар мен хорваттардың арасындағы матч 16-нан 17-не қараған түні Астана уақыты бойынша сағат 01:00-де Калиниград қаласында өтеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1737529-messi-turnirdi-bastajdy-16-mausymga-arnalgan-matctar-tizimi/

pixel