RU
Томирис Байсафаның анасы қызымен қоштасып тұрған суретін жариялап, елді жылатты (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Томирис Байсафаның анасы қызымен қоштасып тұрған суретін жариялап, елді жылатты (фото)

Рассказать Вконтакте

Танымал сәнгер Жанна Ахметова өзінің парақшасына қызы Томирис Байсафаны қысқы демалыстан кейін оқуға аттандырып жатқан суретін жүктеді деп хабарлайды NUR.KZ.

Суреттің астына жазылған жазба оқырмандардың жүрегін елжіретіп жіберді.

"Суретте мен Томпиді соңғы рет сүйіп тұрмын. Қысқы демалыстан кейін оқуға шығарып салып жатырмын. Шығарып салып...Қасиетті Рамазан айы да бітті. Алла барлығымыздың құлшылық-ғибадатымызды, дұғаларымызды қабыл етсін. Ораза айт қабыл болсын!", - деп жазды Жанна.

Томиристің анасы бұл жазбаны кінәлі деп айыпталып жатқан Меджидов Муртузали мен оның отбасына арнап жазған. Оның айтуынша, дипломды Муртузали Томиристің арқасында алайын деп жатыр. Себебі студент қыз өзінің сүйіктісін қинап, ұрысып, сабақ оқытқызған, конспект жазғызып, лекциялар жіберген. Томиристің қолдауынсыз Муртузали дипломын ала алмас еді. Бұл - түгелдей Томиристің еңбегі.

Сөз соңында, Жанна қызының нәзік бола тұра, Муртузалиға қарағанда әлдеқайда мықты екенін жазған.

Желі оқырмандары Жаннаға сабырлы болуын, соттың әділ шешім шығаратынына сенуге шақырып, бекем болуын тілеп жатыр.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
1
1
18
2
4
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel