RU
Ақтауда бағана көліктің үстіне құлап, адамды басып түсті
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Ақтауда бағана көліктің үстіне құлап, адамды басып түсті

Рассказать Вконтакте

Ақтауда электротасымал жолағының бағанасы көліктің үстіне құлап, ер адамды жарақаттады деп хабарлайды "Лада" басылымына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: dkvartnsk.ru

Көрнекі фото: dkvartnsk.ru

Оқыс оқиға орын алған кезде ер адам көліктің ішінде болған. 1972 жылғы зардап шеккен азамат Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілді

"Зардап шеккен азамат ауыр халде жансақтау бөліміне жеткізілді. Ол бас сүйек-миы мен көкірек қуысының жарақатын алды. Қазір ессіз, медикаментозды ұйқының әсерімен жатыр", - деді шұғыл медициналық көмек бөлімінің меңгерушісі Ғалым Жұмағалиев.

Оқыс оқиға қандай жағдайлардың кесірінен орын алғаны әзірге белгісіз.

Ақтау электр желілері басқармасы бағананың зақымдалғаны туралы полицейлерден естігенін айтты.

Қазіргі таңда бағанаға жөндеу жұмыстары жүргізілген.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
2
3
0
0
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel