RU
Баян Мақсатқызының күйеуі қытайлықтарға алғыс айтып, отандастарына ашуланды
Жаңалықтар Қоғам

Баян Мақсатқызының күйеуі қытайлықтарға алғыс айтып, отандастарына ашуланды

Рассказать Вконтакте

Баян Мақсатқызының күйеуі Турсен Алагузов Алматы-Астана бағытындағы жолға жөндеу жұмыстарын жүргізетін көршілес Қытай еліне алғыс айтып, қол қусырып отырған отандастарына шүйлікті. Бұл туралы NUR.KZ хабарлайды.

Турсен өзінің Instagram-дағы парақшасында елдегі ең ірі екі қаланы жалғайтын тас жолының жөнделетіндігіне қуанған жазбасын жариялады.

"Біздің жолдарды жөндеп беретін көршілерімізге көп "рақмет". Біздің өз басымыз бен қолымыз жоқ қой, бәрінің қолы бос емес. Біздің көшелерімізді солар тазалайтын уақыт та алыс емес. "Керемет" өмір сүріп жатырмыз. Солардың киімін киіп, солардың ыдыстарынан тамақ ішеміз. Ине салумен айналыспасақ та, күрекпен бірдеңе істей аламыз. Осылай көшелерімізді де алатын болады.
Құрметті отандастар. Барлығы үшін бір уақытта жауап береміз", - деп жазды ол.

Сөз соңында ол осы үшін болашақта ұрпақтың қиналатындығын айтты.

Желі оқырмандарының бірі Турсеннің сөзімен келісіп жатса, енді бірі нағыз патриоттардың жоқтығына күйінді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
8
1
1
8
4
5
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel