RU
Құран мен ай белгіленген тәтті торт көпшіліктің таңданысын тудырды
Жаңалықтар Әлемде

Құран мен ай белгіленген тәтті торт көпшіліктің таңданысын тудырды

Рассказать Вконтакте

Танымал ресейлік кондитер Ренат Агзамов өзінің кезекті туындысын жарыққа шығарды. Ол Ораза айт мейрамына орай ірі көлемді торт жасады деп хабарлайды NUR.KZ.

Кондитердің айтуынша, торттың салмағы - 400 келі. Барлық безендірулер бельгиялық шоколадтан жасалған.

"Барлық мұсылмандарды Ораза айт мейрамымен құттықтаймын. Әр үйде жылулық, қуаныш, береке, бірлік, татулық болсын. Өзімнің командама осындай жобаны ұйымдастырып бергеніне алғысымды білдіремін. Қонақжайлығы үшін тапсырыс берушілерге рақмет айтамын. Торттағы Құран мен айларды ешкім кеспейді. Тапсырыс беруші оларды өзіне алып қалмақшы", - деп жазды кондитер өзінің Instagram-дағы жазбасында.

Алайда, желіде кондитердің жасаған торты оқырмандардың қызу талқысына түсті. Біреулері олай істеу дұрыс емес десе, енді бірі кондитерге қолдау білдірді.

Сіздің ойыңызша, тортқа Құран мен айды белгілеу дұрыс па?

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
3
0
3
7
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel