Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Айсәуле Бақытбек Қайрат Нұртастың жаңа әніне қатысты өткір ойын айтты

Опубликовано:

"My universe" әнін жақында ғана жариялап, елдің қызу талқысына түскен Қайрат Нұртасты танымал продюсер Баян Мақсатқызының қызы Айсәуле жақтап шықты деп хабарлайды NUR.KZ.

Айсәуле Бақытбек өзі мен отбасын түгелдей қамтамасыз етіп отырған әнші Қайрат Нұртастың әніне неге ел сонша назар салып, талқыға түскенін біле алмай дал. Оның ойынша, мұнда тыңдарман емес, керісінше, Қайрат Нұртас мұрынын шүйіруі керек екен.

Қайратты шетел жұлдыздарымен салыстырған Айсәуле осылай жалғаса беретін болса, елдің дамымайтындығын айтты.

«Мен адамдардың Биланның, Элджейдің сыртынан күлгенін байқамаппын. Олардың да акценті бар. Немесе Решетованың суреттерінің астынан ағылшын тілінде қате жазатынын оқымаппын. Дұрыс қой енді? Ұнатасыздар, еліктейсіздер…Егер үнемі өз ұл-қыздарымыздың сыртынан күлетін болсақ, қалай дамимыз? Ешкім мазақ болғысы келмейді», – деп жазды Айсәуле Бақытбек.

Сөз соңында Баянның қызы Қайраттың осы әннен миллион қаралым жинап, ақша табатынын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1737555-ajsule-bakytbek-kajrat-nrtasty-zaa-nine-katysty-tkir-ojyn-ajtty/

pixel