RU
Әлем чемпионаты: Франция құрамасы Австралияны жеңіп кетті
Жаңалықтар

Әлем чемпионаты: Франция құрамасы Австралияны жеңіп кетті

Рассказать Вконтакте

Әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі Франция мен Австралия құрамалары арасындағы бірінші турдың матчы аяқталды деп хабарлайды Prosports.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Фото: Prosports.kz

Фото: Prosports.kz

Француздар мен австралиялықтар арасындағы ойын 2:1 есебімен Франция құрамасының пайдасына шешілді.

Франция құрамасының ойыншысы Антуан Гризманн 58-минутта пенальти соғып, есеп ашты. Айта кетейік, пенальтиді төрешілер видеоны қайталап көргеннен кейін қойған.

Австралиялықтар есепті 62-минутта теңестірді. Қақпаға голды Майл Единак соқты. 81-минутта Францияға жеңісті Поль Погба сыйлады.

Екінші айналымда француздар Перумен, ал Австралия Дания құрамаларымен ойнайды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
2
0
0
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel