RU
Қостанайлық әйел халықтың көз алдында жеткіншекті соққыға жықты (видео)
Жаңалықтар Қоғам

Қостанайлық әйел халықтың көз алдында жеткіншекті соққыға жықты (видео)

Рассказать Вконтакте

Қостанай облысы, Рудный қаласындағы жаңа скейт-алаңында демалып жүрген әйелдер мен жасөспірімдер арасында жанжал туды деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: Instagram/evgeniia4000

Фото: Instagram/evgeniia4000

Видеода көрініп тұрғандай, әйел телефонмен сөйлесіп тұрып, велосипедпен тұрған жасөспірімге қол көтерген. Соққы көрген баланың анасы өзінің Instagram-дағы парақшасына видео жүктеген болатын.

"Горняк" алаңында менің балам осындай жағдайға тап болды. Жаңа скейт-алаңында ашулы ана өзінің балаларымен қыдырып жүріп, менің баламды балағат сөздерімен бірге соққыға алды", - деп жазылған жазбаның астына.

Қостанай облыстық ІІД оқиғаны зерттеп, әйелді анықтады.

"Жанжал 24 жастағы әйел мен 15 жастағы жасөспірімнің арасында болған. Оқиға 15 маусым күні кешкі сағат 19 шамасында Рудный қаласында болған", - деді Қостанай облыстық ІІД баспасөз хатшысы Ирина Беженарь.

Оқиғаның қалған мән-жайын полицейлер анықтап жатыр.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
13
3
1
0
0
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel