RU
Ауа райы: Бүгін еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын мен жел күтіледі
Жаңалықтар Қоғам

Ауа райы: Бүгін еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын мен жел күтіледі

Рассказать Вконтакте

"Қазгидромет" синоптиктері 17 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынды деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Жаңбыр. Көрнекі фото: Мурманский вестник

Жаңбыр. Көрнекі фото: Мурманский вестник

Еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, тек батыста және оңтүстік-батыста жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Кей жерлерде жаңбыр жауады, найзағай, жел күшейуі, дауыл күтіледі, бұршақ болуы мүмкін.

Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі, дауыл, жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ болуы мүмкін.

Маңғыстау, Қызылорда, Атырау облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, шаңды дауыл болады. Алматы, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде найзағай болады, күндіз жел 18 м/с күшейеді. Күндіз Жамбыл облысында найзағай күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде найзағай болады.

Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде найзағай күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ болуы мүмкін.

Маңғыстау облысының басым бөлігінде, Атырау, Ақтобе, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel