RU
Қазақ футболшысы жағдайы төмен жеті балалы анаға үй алып берді
Жаңалықтар Қоғам

Қазақ футболшысы жағдайы төмен жеті балалы анаға үй алып берді

Рассказать Вконтакте

"Астана" футболшысы Абзал Бейсебеков жеті баласы бар жағдайы төмен отбасына үй алып берді деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Абзал Бейсебеков. Фото: astanaarena.kz

Абзал Бейсебеков. Фото: astanaarena.kz

Маңғыстаудағы көпбалалы отбасына үй "Харекет" қайырымдылық қорының көмегімен алынған. Аталмыш қор футболшының игі ісі туралы өз желі парақшасында мәлімдеді.

"15 үй Маңғыстау облысына қарасты Жетібай кентінен жеті баланың анасы (1-і науқас), Алла қаласа, тағы егіз перзентті дүниеге алып келуге тәуекел етіп отырған Айгүл Әбдіғаниқызы мен жолдасы Қуатбай Бақтыбайұлына бұйырды.

Бұл үйді "Харекет" қоры арқылы «Астана» футбол клубының әрі Қазақстан құрама командасының ойыншысы Абзал Талғатұлы Бейсебеков өз қаржысына алып берді! Сұңқар сияқты шашып жейтін Азаматтың берекесі арта берсін!

Қайырлы іске қарымды жəрдем берген Маңғыстау облыстық Орталық мешітінің бас имамы Смайыл Сейітбек пен мешіт жамағатына мың алғыс!", - деп жазған қордың өкілі.

Жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
1
0
1
0
41
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel