RU
Бас прокуратура менингитке қатысты бес бірдей қылмыстық іс қозғады
Жаңалықтар Қоғам

Бас прокуратура менингитке қатысты бес бірдей қылмыстық іс қозғады

Рассказать Вконтакте

Бас прокуратура менингиттен қайтыс болу деректеріне қатысты бес бірдей қылмыстық іс қозғады. Оның үшеуі дәрігерлердің салғырттығына қатысты екен деп хабарлайды КТК арнасы.

Емхана. Көрнекі фото: ГТРК "Южный Урал"

Емхана. Көрнекі фото: ГТРК "Южный Урал"

Бас прокуратураның мәліметіне сәйкес, жыл басынан бері 14 адам менингиттен көз жұмған. Оның ішінде, Атырау мен Алматы облысында болған адам өлімінде дәрігерлер салғырттық танытқан болуы мүмкін.

Одан бөлек, тағы бір жәйт санитарлық-гигиеналық талаптардың сақталмауынан болған. Ал өзге екі қылмыстық іс Астана мен Алматы облысындағы қайғылы жағдайға қатысты тергеліп жатыр.

Жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
1
3
4
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel