RU
Өскеменде бюджеттің миллиондары жұмсалған жағажай жарамсыз болып қалды
Жаңалықтар Қоғам

Өскеменде бюджеттің миллиондары жұмсалған жағажай жарамсыз болып қалды

Рассказать Вконтакте

Өскеменде былтыр ғана 70 миллион теңгеге абаттандырылған жағажай бір жылға жетпей-ақ жарамсыз болып қалды деп хабарлайды КТК арнасы.

Жағажай. КТК арнасынан скриншот

Жағажай. КТК арнасынан скриншот

Тұрғындардың айтуынша, Сібе көлдерінің бойындағы жағажайда енді суға шомылып, демалу өмірге қауіпті.

Бүгінде жағажайдағы жағдай адам шошырлық. Күннен қорғанатын жерлердің шатыры ұшып кеткен, отыратын орындықтардың ойраны шығып жатыр.

Суға секіру үшін жасалған пирстің жартысы су астына шөгіп қалыпты. Ал суда құтқару қызметі мен күзетші деген атымен жоқ.

Жағажай. КТК арнасынан скриншот

Жағажай. КТК арнасынан скриншот

Тұрғындар кез келген сәтте сапасыз салынған нысандардың бірі қирап, басып қалуы мүмкін деп қорқуда. Былтыр осы жағажайды абаттандыруға 70 миллион теңге жұмсаған шенеуніктер бұған биылғы қысты кінәлап шықты. Айтуларынша, олардың ала жаз бойғы еңбегі боранға төтеп бермеген.

Жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
6
0
2
0
2
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel