RU
20 жастағы қазақстандық әлем чемпионы қарсыласын нокаутқа жіберді (видео)
Жаңалықтар Спорт

20 жастағы қазақстандық әлем чемпионы қарсыласын нокаутқа жіберді (видео)

Рассказать Вконтакте

Жастар арасындағы әлем чемпионы Садриддин Ахмедов кәсіпқой бокстағы үшінші жекпе-жегінде жеңіске жетті. Бұл туралы Sputnik Қазақстан Sports.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Бокс. Көрнекі фото: RabStol.net

Бокс. Көрнекі фото: RabStol.net

Бокс кеші Шавиниган (Канада) штатының Centre Gervais Auto ойын-сауық кешенінде өткен. Онда 20 жастағы қазақстандықтың қарсыласы тәжірибелі мексикалық боксшы Густаво Гарибай болды.

Бірінші орта салмақта алты раундқа есептелген жекпе-жекте Ахмедов техникалық нокаутпен жеңіске жетті. Бесінші раундта Ахмедов сол қолымен жойқын апперкот соққысын жасап, мексикалықты сұлатып салды.

Садриддин кәсіпқой бокста үш жекпе-жек өткізіп, барлығын нокаутпен ұтқан, ал Гарибай мансабында он бірінші рет жеңіліс тапты.

Садриддин Ахмедовтың үшінші жекпе-жегіндегі шешуші сәттің видеосын назарларыңызға ұсынамыз.

Видео: Спортивный портал Казахстана — www.sports.kz

Жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
2
3
7
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel