RU
Әлем чемпионаты: Нигерия Хорватия құрамасынан ұтылып қалды
Жаңалықтар

Әлем чемпионаты: Нигерия Хорватия құрамасынан ұтылып қалды

Рассказать Вконтакте

Ресейде өтіп жатқан Әлем біріншілігінің D тобындағы алғашқы матчтары аяқталды деп хабарлайды Prosports.kz.

Әлем чемпионаты. Фото: Prosports.kz

Әлем чемпионаты. Фото: Prosports.kz

Бұған дейін Аргентина мен Исландия құрамасының ойынында Месси Исландия қақпасына пенальти соға алмай қалғаны хабарланған болатын.

Бірінші турда күш сынасқан Хорватия мен Нигерия құрамалары аса тартысты матч өткізді. Африкалық құрама өзінің жанкешті жас ойыншыларына сүйенсе, еуропалықтар тәжірибелі футболшыларына иек артты.

Бірінші таймда жасыл жейдедегі команданың ойыншысы өз қақпасына гол соғып алды. Манджукичтің баспен бағыттаған добы Этебоның аяғына тиіп, өз қақпасынан табылды. Ал екінші таймда Модрич пенальтиден гол соғып, есепті 2:0-ге жеткізді.

Гол соққандар: Этебо (ӨҚ) 32, Модрич (П) 72

Хорватия: Субашич, Врсалько, Ловрен, Вида, Стринич, Ракитич, Модрич, Перишич, Ребич, Крамарич, Манджукич.

Нигерия: Узохо, Балогун, Трост-Эконг, Шеку, Идову, Ндиди, Микел, Мозес, Айуоби, Этебо, Игало.

Жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
2
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel